Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына және 71-1 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қарашадағы № 475 "Жария сервитут белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5326 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Таскуловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыағаш ауданының әкімі | М. Отаршиев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 28 желтоқсандағы 2020 жылғы № 355 қаулысына қосымша |
|
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 475 қаулысына қосымша |
Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жария сервитут белгіленетін жер учаскелердің экспликациясы
№ | Жер пайдаланушылар атауы | жария сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар) | соның ішінде: | |||||
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер | оның ішінде: | |||||||
егістік | соның ішінде: | көп жылдық екпелер | шабындық | жайылым | ||||
суармалы егістік | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Жылға ауылдық округі | 258 | 255,3942 | 255,3942 |
кестенің жалғасы
елдi мекендердiң жерi | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер | орман қорының жері | су қорының жерi | босалқы жер |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
2,6058 |