Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 24.05.2024 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 24.05.2024 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. 1. "Шардара ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 24.05.2024 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 24.05.2024 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Осы қаулыға 3 қосымшаға сәйкес Шардара ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаровқа жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Кистауов |
КЕЛІСІЛДІ:
Шардара аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________Е.Бейсенбиев
"06" мамыр 2019 жыл
Шардара ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "06" мамырдағы № 170 қаулысына 1 қосымша |
Шардара ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 24.05.2024 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Елді мекен атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар | |
1 | Шардара қаласы | Ө.Түгелбаев көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Бердібек Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
2 | Шардара қаласы | Ғ.Мұратбаев көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "№ 1, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
3 | Шардара қаласы | Қазыбек би көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
4 | Шардара қаласы | С.Әшіров көшесі, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Шардара аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны ғимаратының алдындағы стенд |
5 | Шардара қаласы | Ж.Қолдасов көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "№ 2 Жамбыл Жабаев атындағы бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
6 | Шардара қаласы | Ы.Алтынсарин көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
7 | Шардара қаласы | К.Байсейтова көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Құрманғазы Сағырбайүлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
8 | Шардара қаласы | Жастар көшесі, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шардара аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
9 | Шардара қаласы | Б.Тажиев көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "А.Иманов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
10 | Шардара қаласы | Әл-Фараби көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Шардара мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
11 | Шардара қаласы | А.Елмұратов көшесі, Түркістан облысы, "Шардара су электр станциясы" акционерлік қоғамы ғимаратының алдындағы стенд |
12 | Шардара қаласы | С.Әшіров көшесі, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан облыстық № 4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
13 | Шардара қаласы | Ғ.Мұратбаев көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "№ 12 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
14 | Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Шардара елді мекені | А.Әлімбетов көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
15 | Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Шардара елді мекені | К.Тілегенов көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "А.Әлімбетов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
16 | Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Ақберді елді мекені | М.Маймақов көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "№ 11 Шардара бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
17 | Қоссейіт ауылдық округі, Қоссейіт елді мекені | Д.Қонаев көшесі мен Ұзын ата көшесінің қиылысында орналасқан стенд |
18 | Қоссейіт ауылдық округі, Қоссейіт елді мекені | Д.Қонаев көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Сырдария жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
19 | Көксу ауылдық округі, Көксу елді мекені | С.Асылбеков көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
20 | Көксу ауылдық округі, Айдаркөл Қашары елді мекені | Айдаркөл Қашары көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "№ 8 Көксу бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
21 | Көксу ауылдық округі, Баспанды елді мекені | Баспанды көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "№ 9 Көксу бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
22 | Көксу ауылдық округі, Көксу елді мекені | Алматы көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
23 | Ұзыната ауылдық округі, Ұзын ата елді мекені | Ынтымақ көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Ұзын-ата жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
24 | Ұзыната ауылдық округі, Ұзын ата елді мекені | Ынтымақ көшесі, Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Шардара аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Ұзын ата ауылдық "Мәдениет үйі" мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
25 | Алатау батыр ауылдық округі, Қазақстан елді мекені | А.Құнанбаев көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Қазақстан жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
26 | Алатау батыр ауылдық округі, Қазақстан елді мекені | Қисабеков көшесі, Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Шардара аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Алатау батыр ауылдық "Мадениет үйі" мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
27 | Алатау батыр ауылдық округі, Қазақстан елді мекені | Қисабеков көшесі бойында орналасқан стенд |
28 | Қызылқұм ауылдық округі, Қызылқұм елді мекені | Ә.Молдағұлова көшесі мен С.Сейфулин көшесінің қиылысында орналасқан стенд |
29 | Қызылқұм ауылдық округі, Қызылқұм елді мекені | Ә.Молдағұлова көшесі, Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Шардара аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Қызылқұм ауылдық "Мәдениет үйі" мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
30 | Сүткент ауылдық округі, Сүткент елді мекені | Ә.Тоқсанбаев көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Т.Тәжібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
31 | Ақшеңгелді ауылдық округі, Ақалтын елді мекені | Орталық көшесі, Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Шардара аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Ақалтын ауылдық "Мәдениет үйі" мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
32 | Ақшеңгелді ауылдық округі, Егізқұм елді мекені | Ы.Алтынсарин көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Егізқұм жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
33 | Достық ауылдық округі, Достық елді мекені, | Әл-Фараби көшесі, Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Шардара аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Достық ауылдық "Мәдениет үйі" мекемесі ғимаратының алдындағы стенд |
34 | Жаушықұм ауылдық округі, Жаушықұм елді мекені | Жаушықұм көшесі мен Ә.Жангелдин көшесінің қиылысында орналасқан стенд |
Шардара ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "06" мамырдағы № 170 қаулысына 2 қосымша |
Кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жайлар тізімі
Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 24.05.2024 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Шардара ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "06" мамырдағы № 170 қаулысына 3 қосымша |
Шардара ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесі
1. Шардара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 519 "Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-15-126 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 2 желтоқсанда "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) қаулысы;
2. Шардара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 15 "Шардара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 519 "Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-15-130 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 27 қаңтарда "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) қаулысы;
3. Шардара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 49 "Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 519 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3574 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 12 ақпанда "Шартарап-Шарайна" газетінде және 2016 жылғы 3 наурызда Әділет ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.