Шардара ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 170 "Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 24 мамырдағы № 143 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 29 мамырда № 6534-13 болып тiркелдi

      Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шардара ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы №170 "Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5035 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шардара ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Шардара ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін";

      көрсетілген қаулының 2-тармағы және 2-қосымшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шардара ауданының әкімі А. Карсыбаев

      КЕЛІСІЛДІ:
Шардара аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________ С.Кошалиев
" " ________ 2024 жыл

  Шардара ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 24 мамырдағы
№ 143 қаулысына қосымша
Шардара ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 6 мамырдағы
№170 қаулысына 1 қосымша

Шардара ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары


Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Шардара қаласы

Ө.Түгелбаев көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Бердібек Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

2

Шардара қаласы

Ғ.Мұратбаев көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "№ 1, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

3

Шардара қаласы

Қазыбек би көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

4

Шардара қаласы

С.Әшіров көшесі, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Шардара аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны ғимаратының алдындағы стенд

5

Шардара қаласы

Ж.Қолдасов көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "№ 2 Жамбыл Жабаев атындағы бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

6

Шардара қаласы

Ы.Алтынсарин көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

7

Шардара қаласы

К.Байсейтова көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Құрманғазы Сағырбайүлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

8

Шардара қаласы

Жастар көшесі, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шардара аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

9

Шардара қаласы

Б.Тажиев көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "А.Иманов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

10

Шардара қаласы

Әл-Фараби көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Шардара мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

11

Шардара қаласы

А.Елмұратов көшесі, Түркістан облысы, "Шардара су электр станциясы" акционерлік қоғамы ғимаратының алдындағы стенд

12

Шардара қаласы

С.Әшіров көшесі, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан облыстық № 4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

13

Шардара қаласы

Ғ.Мұратбаев көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "№ 12 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

14

Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Шардара елді мекені

А.Әлімбетов көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

15

Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Шардара елді мекені

К.Тілегенов көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "А.Әлімбетов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

16

Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Ақберді елді мекені

М.Маймақов көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "№ 11 Шардара бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

17

Қоссейіт ауылдық округі, Қоссейіт елді мекені

Д.Қонаев көшесі мен Ұзын ата көшесінің қиылысында орналасқан стенд

18

Қоссейіт ауылдық округі, Қоссейіт елді мекені

Д.Қонаев көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Сырдария жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

19

Көксу ауылдық округі, Көксу елді мекені

С.Асылбеков көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

20

Көксу ауылдық округі, Айдаркөл Қашары елді мекені

Айдаркөл Қашары көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "№ 8 Көксу бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

21

Көксу ауылдық округі, Баспанды елді мекені

Баспанды көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "№ 9 Көксу бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

22

Көксу ауылдық округі, Көксу елді мекені

Алматы көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

23

Ұзыната ауылдық округі, Ұзын ата елді мекені

Ынтымақ көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Ұзын-ата жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

24

Ұзыната ауылдық округі, Ұзын ата елді мекені

Ынтымақ көшесі, Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Шардара аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Ұзын ата ауылдық "Мәдениет үйі" мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

25

Алатау батыр ауылдық округі, Қазақстан елді мекені

А.Құнанбаев көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Қазақстан жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

26

Алатау батыр ауылдық округі, Қазақстан елді мекені

Қисабеков көшесі, Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Шардара аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Алатау батыр ауылдық "Мадениет үйі" мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

27

Алатау батыр ауылдық округі, Қазақстан елді мекені

Қисабеков көшесі бойында орналасқан стенд

28

Қызылқұм ауылдық округі, Қызылқұм елді мекені

Ә.Молдағұлова көшесі мен С.Сейфулин көшесінің қиылысында орналасқан стенд

29

Қызылқұм ауылдық округі, Қызылқұм елді мекені

Ә.Молдағұлова көшесі, Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Шардара аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Қызылқұм ауылдық "Мәдениет үйі" мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

30

Сүткент ауылдық округі, Сүткент елді мекені

Ә.Тоқсанбаев көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Т.Тәжібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

31

Ақшеңгелді ауылдық округі, Ақалтын елді мекені

Орталық көшесі, Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Шардара аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Ақалтын ауылдық "Мәдениет үйі" мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

32

Ақшеңгелді ауылдық округі, Егізқұм елді мекені

Ы.Алтынсарин көшесі, Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Егізқұм жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

33

Достық ауылдық округі, Достық елді мекені,

Әл-Фараби көшесі, Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Шардара аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Достық ауылдық "Мәдениет үйі" мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

34

Жаушықұм ауылдық округі, Жаушықұм елді мекені

Жаушықұм көшесі мен Ә.Жангелдин көшесінің қиылысында орналасқан стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады