Шардара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 519 "Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы N 15 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 2 ақпанда N 14-15-130 тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 6 мамырдағы № 170 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 06.05.2019 № 170 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4 және 6 тармағына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 519 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-15-126 нөмірімен тіркелген, 2011 жылдың 2 желтоқсанында "Шартарап-Шарайна" газетінің № 49-50(447-448) нөмірінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мараим

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шардара аудандық аумақтық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ______________Жарияқұл Шүкір Өтелұлы

      "18" қаңтар 2012 жыл

  Шардара ауданы әкімдігінің
18 қаңтар 2012 жылғы
№ 15 қаулысына қосымша
Шардара ауданы әкімдігінің
"01" қараша 2011 жылғы
№ 519 қаулысына № 2 қосымша

Кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жайлар тізімі

Қала, ауылдық округтер атауы

Өткізілетін орны

Мекен жайы

1

Шардара қаласы

№ 16 кәсіптік лицей

С.Әшіров көшесі



"Шардара" жалпы орта мектебі

Әл-Фараби көшесі



Оқушылар үйі

Абай көшесі



Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

А.Мамытов көшесі



Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі

Темірбеков көшесі



А.Иманов атындағы жалпы орта мектебі

Жібек жолы көшесі



№ 1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі

Ғ.Мұратбаев көшесі

2

Қазақстан
ауылдық округі

Мәдениет үйі

Қисабеков көшесі

3

Достық
ауылдық округі

Мәдениет үйі

Қазыбек би көшесі



"Достық" жалпы орта мектебі

1 мамыр көшесі

4

Жаушықұм ауылдық округі

"Жаушықұм" жалпы орта мектебі

Жаушықұм көшесі

5

Қ.Тұрысбеков ауылдық округі

Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі

А.Әлімбетов көшесі



"Ақберді" бастауыш мектебі

"Ақберді" елді мекені

6

Қоссейіт ауылдық округі

Мәдениет үйі

Д.Қонаев көшесі

7

Көксу ауылдық округі

Т.Айбергенов атындағы жалпы орта мектебі

Алматы көшесі



"Айдарқұл" бастауыш мектебі

"Айдарқұл қашар" елді мекені



"Баспанды" бастауыш мектебі

"Баспанды" елді мекені



С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі

А.Асылбеков көшесі

8

Ұзын ата ауылдық округі

"Ұзын ата" жалпы орта мектебі

Ынтымақ көшесі

9

Қызылқұм ауылдық округі

Мәдениет үйі

Ә.Молдағұлова көшесі

10

Сүткент ауылдық округі

Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі

Ә.Тоқсанбаев көшесі

11

Ақшеңгелді ауылдық округі

"Ақ-алтын" жалпы орта мектебі

Қозыбағаров көшесі



"Егізқұм" жалпы орта мектебі

Ы.Алтынсарин көшесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады