Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 12-87-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 сәуірде № 4955 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 34-260-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 34-260-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін;

      2. "Келес аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Келес ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Келес аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазак тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 28.02.2020 № 23-169-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Мауленов
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Тотиков

  Келес аудандық мәслихатының
"29" 03 2019 жылғы
№ 12-87-VI шешімімен
бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі –Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Әлеуметтік көмек Келес ауданының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.

1. Жалпы ережелер

      3. Осы Қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі-уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Келес аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын аудандағы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      12) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;

      13) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі-жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;

      14) отбасы мүшелерін (адамды) әлеуметтік бейімдеу олардың жеке мұқтаждығына байланысты "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған әлеуметтік қолдаудың өзге де шараларын көздейді;

      15) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – ШАК тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

      16) отбасының жиынтық табысы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы;

      17) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім.

      4. Осы Қағиданың мақсаты үшін әлеуметтік көмек ретінде Келес ауданы әкімдігінің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндеріне ұсынылады:

      1) 9 мамыр "Жеңіс күні" мерекесіне орай:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусымы мен 1945 жылғы 9 мамыры аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, біржолғы 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) біржолғы 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдерді (күйелері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алудың нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндер басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 6 шілде "Астана күні" мерекесіне орай – үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп жатқан мүгедек балаларға және үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балаларға біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 1 желтоқсан "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні" мерекесіне орай – жалғызілікті зейнеткерлерге, жалғызілікті қарттар мен жалғызбасты үйде әлеуметтік қызмет көрсетілетін І-ІІ-топ мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 8 наурыз "Халықаралық әйелдер күніне" көпбалалы аналарға, оның ішінде:

      "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      5) 7 мамыр "Отан қорғаушы күніне" орай:

      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, бір жолғы 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ Семей ядролық сынақтар мен жаттығуларға қатысқан адамдарға, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш;

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 28.02.2020 № 23-169-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Түркістан облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

      Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:

      1) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен алпыс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жұмысқа қабілетсіз аз қамтамасыз етілген мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 30 айлық есептік көрсеткіш;

      2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен алпыс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның тұрғын үйіне зиян келтіруіне байланысты, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш;

      3) мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру немесе жұқтырылған иммун тапшылығының синдром ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болған, олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, ай сайын 2 есе ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      5) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне тұрғын үйін жөндеуге біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш;

      6) басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне бір жолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, біржолғы 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға, үйде оқып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға, ай сайын әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіш;

      8) Ауғаныстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яғни ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСРО Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш;

      9) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге:

      серуендеуге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 60 айлық есептік көрсеткіш;

      бөлмеге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 40 айлық есептік көрсеткіш;

      10) зейнеткерлерге және мүгедектерге саноторлық-курорттық емдеуге жолдама алу үшін, жылына бір рет әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 40 айлық есептік көрсеткіш;

      11) әлеуметтік және инва такси қызметін ұсынуға – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп тұруы қиын бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін, ай сайын 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жанбасына шаққандағы орташа табысы ең төмен күн көріс деңгейіне еселік қатынаста алпыс пайызынан аспайтын табыстың болуы.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін аудандық мәслихат бекітеді.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      Ескерту.9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 28.02.2020 № 23-169-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Түркістан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      11. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының әрбір мүшесіне ай сайын ең төменгі күн көріс деңгейінің шамасын құрайды.

      Әлеуметтік көмек ай сайын немесе 3 айға бір реттік болып төленеді. Әлеуметтік көмектің бір реттік төлемі комиссия мен келісім бойынша жүргізіледі және тек қана әлеуметтік келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үймалын, құсын сатып алуға және т.б.), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 28.02.2020 № 23-169-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Әлеуметтік келісімшарт негізінде отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАҚ мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.

      Ескерту. 12-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазак тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 28.02.2020 № 23-169-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Келес ауданы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл және ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл және ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл және ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауыл және ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл және ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Үлгілік қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл және ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      24. Әлеуметтіккөмеккөрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жанбасына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Келес ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      26. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық – әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда;

      5) әлеуметтік келісімшарттың және отбасының белсенділігін арттырудың келісімшартында көрсетілген міндеттемелерін бұзылуы және (немесе) орындалмауы жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" және автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшелерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындайдың қағидасына
1-қосымша

      Отбасыны тіркеу нөмірі _________________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      _____________________ ____________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, телефоны)

Р/с №

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы









      Өтініш берушінің қолы_________________ күні__________________
Отбасының құрамы туралы мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _________________________
(қолы)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшелерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындайдың қағидасына
2-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының)
мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20___ж. "___"________
______________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ________________________________________
2. Тұратын мекенжайы ____________________________________________
________________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай
__________________________________________________________________
______________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ___________ адам,
оның ішінде:

Р/с №

Т.А.Ә.

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқуорны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайтадаярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай









































      Еңбекке жарамды барлығы___________________________________адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендерді _____
адам.
Балалардың саны:________________________________________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ___адам,
оқу құны жылына _______ теңге.
ОтбасындаҰлы Отан соғысына қатысушылардың,
Ұлы Отан соғысы мүгедектернің,Ұлы Отан соғысына қатысушылардың,
Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына
және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің,
80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерліісктер,
туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы, вирусы ) бар адамдардың, мүгедектердің,
мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
________________________________________________________________
_________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын
үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше –
көрсету керек):
_________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына





































      6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат,
оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
_________________________________________________________________ ___________________________қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөле көзге
де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)___________
________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз
етілу___________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
_________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ___________________________ _________________________
Комиссия мүшелері: ___________________________ _________________________
___________________________ _________________________ ___________________________
_________________________ ___________________________ _________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: _____________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын _________________________ өтініш
берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
____ _________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
____________________________

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшелерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындайдың қағидасына
3-қосымша

Учаскелік комиссияның №___ қорытындысы

      20_____ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың жекелген санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты
әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және
өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
_________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік
көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.
Комиссия төрағасы: ____________________ _______________________
Комиссия мүшелері:____________________ _______________________
____________________ _______________________ ____________________
_______________________ ____________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен _____ данада
20____ж. "____" _____ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған ауыл округ әкімінің немесе уәкілетті орган
қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы _________________________

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшелерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындайдың қағидасына
4-қосымша

ШАК тағайындау бойынша отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшартын тiркеу журналы

Р/с

Тiркеу нөмiрi

Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.

Мекен жайы

Сомасы

Өтiнiш берушiнiң қолы

Ескертпе






























Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады