Шығыс Қазақстан облысы Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 27 қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 27/303-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 ақпанда № 5738 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 қарашадағы қорытындысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір құрамдас бөліктері:

      16-шы тұрғын ауданындағы:

      № 1 көшесіне – Арасан көшесі;

      № 2 көшесіне – Аялы көшесі;

      № 3 көшесіне – Ақшоқы көшесі;

      20-шы тұрғын ауданындағы:

      № 1 көшесіне – Қазына көшесі;

      № 2 көшесіне – Думан көшесі;

      № 3 көшесіне – Шапағат көшесі;

      № 4 көшесіне – Өсиет көшесі;

      № 5 көшесіне – Толағай көшесі;

      № 6 көшесіне – Жерұйық көшесі;

      № 7 көшесіне – Ақжол көшесі;

      № 9 көшесіне – Жақия Шайжүнісов көшесі;

      № 10 көшесіне – Үркер көшесі;

      № 11 көшесіне – Лев Гумилев көшесі;

      № 14 көшесіне – Ақбауыр көшесі;

      № 16 даңғылына – Әл-Фараби даңғылы;

      Ахмер ауылындағы:

      № 1 көшесіне – Саламат көшесі;

      № 2 көшесіне – Серпін көшесі;

      № 3 көшесіне – Қанағат көшесі;

      № 4 көшесіне – Балауса көшесі;

      Меновное ауылы ауданындағы:

      № 1 көшесіне – Мейірім көшесі;

      № 2 көшесіне – Армандастар көшесі;

      Комендантский аралы аумағындағы саябаққа – Самал саябағы деген атау берілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының кейбір құрамдас бөліктері:

      Өскемен қаласы бойынша:

      "Жастар" саябағы - Қасым Қайсенов саябағы;

      Ворошилов көшесі - Шәкәрім даңғылы;

      Комсомольская көшесі - Жастар көшесі;

      Лениногорская көшесі - Теміржолшылар көшесі;

      Питерских Коммунаров көшесі - Лев Толстой көшесі;

      Революционная көшесі - Қалихан Ысқақ көшесі;

      Орджоникидзе көшесі - Сағадат Нұрмағамбетов көшесі;

      Дзержинский көшесі - Әміре Қашаубаев көшесі;

      Киров көшесі - Антон Чехов көшесі;

      Октябрьская көшесі - Мұхамеджан Тынышпаев көшесі;

      Меновное ауылындағы Советская көшесі - Адольф Янушкевич көшесі;

      Крупская көшесі - Евгений Брусиловский көшесі;

      Советская көшесі - Александр Затаевич көшесі;

      Головков көшесі - Бейбітшілік көшесі;

      30 Гвардиялық дивизия мен Виноградов көшесі арасындағы І. Айтықов көшесі - Асар көшесі;

      Семей қаласы бойынша:

      Крупская көшесі - Әзілхан Нұршайықов көшесі;

      Строительная көшесі - Тұрсынғазы Рахимов көшесі;

      Комсомольская көшесі - Жібек жолы көшесі;

      Кутузов көшесі - Ардагерлер көшесі;

      Колхозная көшесі - Берел көшесі;

      Социалистическая көшесі - Самал көшесі;

      Декабристов көшесі - Нұрсая көшесі;

      Риддер қаласы бойынша:

      1-Стахановская көшесі - Бірлік көшесі;

      Курчатов қаласы бойынша:

      Совхозная көшесі - Көктем көшесі;

      Пионерская көшесі - Достық көшесі;

      Комсомольская көшесі - Самал көшесі;

      Красноармейская көшесі - Бейбіт атом көшесі деп қайта аталсын.

      3. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс
      әкімі Д. Ахметов
      Сессия
      төрағасы Е. Нұрбаев
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады