"Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 29/325-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 сәуірде № 5878 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2523 тіркелген, 2010 жылғы 1 ақпандағы "Дидар", 2010 жылғы 2 ақпандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Нұрбаев
      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы В. Головатюк

  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2019 жылғы
"___"__________
№ _________ шешіміне
қосымша
  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2009 жылғы
"21" желтоқсандағы
№ 17/225-IV шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

    №

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

2

3

4

Ертіс өзені бассейні

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

114,1

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса

теңге /1000 тек.м

327,9

3

Ауыл шаруашылығы

теңге /1000 тек.м

92,4

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге /1000 тек.м

92,4

5

Су энергетикасы

теңге /1000 кВт.сағ.

34,4

6

Су көлігі

теңге /1000 т. км

12,7

Балқаш және Алакөл өзен мен көлдері бассейні

7

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

105,1

8

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса

теңге /1000 тек.м

289,9

9

Ауыл шаруашылығы

теңге /1000 тек.м

83,3

10

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге /1000 тек.м

79,7

11

Су энергетикасы

теңге /1000 кВт.сағ.

30,8

12

Су көлігі

теңге /1000 т. км

9,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады