Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 90 "Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiптік кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 174 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 мамырда № 5990 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 90 "Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4531 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде және 2016 жылғы 20 мамырда "Дидар", 2016 жылғы 19 мамырда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларында:

      аталған қағидалардың 5 қосымшасында:

      инновациялық жобаны іске асыру бойынша үлгі шартта:

      3 бөлім. Шарттың жалпы сомасы және қызметақы төлеу шарттары:

      мынадай мазмұндағы 3.2.1. тармақпен толықтырылсын:

      "3.2.1. Ұсынылған есептік құжаттардың дұрыстығына, оның ішінде көрсетілген қызметтер актілеріне Орындаушы жауап береді.".

      2. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарда ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады