РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiптік кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидалары бекiтiлсiн.
2. "Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешені саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 98 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2574, 2012 жылғы 1 маусымдағы № 63 (16692) "Дидар", 2012 жылғы 2 маусымдағы № 63 (19203) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "1" сәуірдегі № 90 қаулысымен бекітілген |
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды, оларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен енгізу және тарату үшін іріктеуді ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар қолданылады:
1) агропроөнеркәсіптік кешен – ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және сатуды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы (бұдан әрі - АӨК);
2) АӨК субъектілері - агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
3) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың АӨК саласындағы инновациялық тәжірибені тарату және енгізу бойынша бюджеттік бағдарламаға әкімшілік ету жөніндегі функциялар жүктелген АӨК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының уәкілетті органы (бұдан әрі - бағдарлама әкімшісі);
4) инновация – іскерлік тәжірибеде, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастыруда қандай да бір жаңа немесе біршама жақсартылған өнімді (тауарды немесе қызметті) немесе процесті, маркетингтің жаңа әдісін немесе жаңа ұйымдастыру әдісін қолданысқа енгізу;
5) инновациялық қызмет субъектілері – АӨК саласындағы инновациялық жобаларды іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
2. Инновациялық жобаларды іріктеу шарттары
3. Инновациялық жобаларды іріктеу облыстың АӨК қажеттілігіне сәйкес жыл сайын бағдарлама әкімшісі айқындайтын АӨК саласындағы тақырыптарға сәйкес өтінім берген инновациялық қызмет субъектілері арасында жүзеге асырылады.
4. Облыстың АӨК-де инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) инновациялық жобаны ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу жөнінде кеңес беру қызметтері;
2) зертханалық, оның ішінде енгізу нәтижелері бойынша талдаулар жүргізу;
3) облыстың АӨК субъектілерінің өндірістік немесе ғылыми, тәжірибелік және өзге де аграрлық сала ұйымдары базасында инновациялық жобаларды енгізу бойынша ғылыми-практикалық семинар-кеңестер (егістік күндері) өткізу;
4) инновациялық жобаны іске асыру тәжірибесін және алынған нәтижелерін тарату (тұсау кесер, мақалалар жариялау, брошюралар, буклеттер әзірлеу және шығару, бейнематериалдар дайындау).
5. Инновациялық жобаны іске асыру мерзімі 24 (жиырма төрт) айдан аспауы тиіс.
3. Инновациялық жобаларды іріктеу тәртібі
6. Бағдарламаның әкімшісі облыстың АӨК қажеттілігіне сәйкес, конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауға дейін оған барлық негіздемелер мен растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ағымдағы жылға арналған инновациялық жобалар бойынша тақырыптардың алдын ала тізбесін қалыптастырады және конкурстық комиссия қарау және іріктеу үшін енгізеді.
Бағдарламаның әкімшісі бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде, конкурс өткізудің басталуына дейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде инновациялық жобалар бойынша тақырыптарды көрсете отырып, іс-шараларға өтінім берушілер арасында іріктеу өтетіні туралы хабарландыру жариялайды.
7. Инновациялық жобаларды іріктеуге қатысу үшін өтінім берушілер бағдарламаның әкімшісіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазба;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шаралардың шығыстар сметасы;
5) аталған ауданда және атап айтқанда аталған шаруашылықта жобаны іске асыруды таңдауға негіздеме;
5-1) инновациялық жобаны іске асыруға зияткерлік меншік құқығын растайтын құжат;
6) инновациялық жобаны іске асыруға қатысушы өтінім беруші мамандардың түйіндемесі;
7) аграрлық сипаттағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды атқаруға өтінім берушінің біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларымен қоса берілген олардың көшірмелері;
8) заңды тұлғалар үшін:
заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының) нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларымен қоса берілген олардың көшірмелері;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы белгіленген нысандағы анықтаманың немесе тіркеуші орган берген куәліктің түпнұсқасы;
салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударылымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);
өтінім берушінің банкке немесе банктің филиалына міндеттемелердің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан артық мерзімі өткен берешегі жоқтығы туралы өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктердің және банктердің филиалдарының, оның ішінде шетелдік банктердің қол қойылған және мөрі бар анықтамаларының түпнұсқалары. Анықтама өтінім берілген сәтте бір айдан ерте берілмеуі тиіс;
ғылыми-зерттеу ұйымының аккредиттелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі не салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларымен қоса берілген олардың көшірмелері;
9) жеке тұлғалар үшін:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басы куәлігінің, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін не салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларымен қоса берілген олардың көшірмелерін;
салық төлеушінің салықтық берешегінің жоқтығы немесе болуы туралы салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.
Ескерту. 7 тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.03.2020 № 82 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
8. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттарды өтінім беруші беттерін нөмірлеп және конвертке салып, бір папкаға қалыптастырып береді.
9. Өтінім беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы мәліметтердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.
10. Бағдарлама әкімшісі өтінім түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады.
11. Бағдарлама әкімшісі өтінімді қабылдау мерзімі өткеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімдерді алдын ала іріктеуді жүргізеді.
Алдын ала іріктеу мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:
ұсынылған ақпараттың толықтығы, оның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;
іс-шаралардың хабарландыруда көрсетілген АӨК саласындағы тақырыптарға сәйкестігі.
12. Өтінім мынадай жағдайда қабылданбайды, егер:
1) өтінім беруші толық емес не дұрыс емес ақпарат берсе немесе өтінімді ресімдеу хабарландыруда көрсетілген АӨК саласындағы тақырыптарға сәйкес келмесе;
2) инновациялық жобаны іске асыру орны облыстан тыс жерде болса;
3) өтінім берілген іс-шара хабарландыруда көрсетілген АӨК саласындағы тақырыптарға сәйкес келмесе;
4) өтінім беруші – АӨК субъектісі осыған дейін инновациялық жоба аясында қаражат алса, алайда іс-шараларды іске асыру барысы қанағаттанғысыз деп танылса.
13. Өтінім қабылданбаған кезде ұсынылған құжаттар 10 (он) жұмыс күні ішінде себебі көрсетіліп, өтінім берушіге қайтарылады.
4. Комиссия туралы жалпы ережелер, оның қызметін ұйымдастыру
14. Облыс әкімі облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелеріне басшылық жасайтын орынбасарының төрағалығымен инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
15. Комиссия тұрақты негізде әрекет етеді. Комиссияның жалпы құрамы бестен кем емес адамды құрайды. Комиссияның құрамына мүдделі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өкілетті органдардың өкілдері, сондай-ақ Кәсіпкерлер және тәуелсіз сарапшылар палатасының өкілдері кіреді.
16. Бағдарламаның әкімшісі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
17. Комиссияның шешімі комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және Комиссия төрағасы мен мүшелерінің қолдары қойылады.
18. Өтінім берушіні комиссия отырысын өткізу күні туралы хабардар етуді, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен қажетті құжаттарды әзірлеуді, отырыс өткеннен кейін хаттаманы ресімдеуді комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
19. Комиссия отырысы оның құрамының жалпы санынан екіден үш бөлігі болған кезде құзіретті. Шешімдер ашық дауыспен қабылданады және егер олар үшін комиссия мүшелерінің жалпы санынан көп дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.
5. Кешенді бағалау және өтінімдерді іріктеу
20. Өтінімдерді алдын ала іріктеу кезеңінен өткен инновациялық жобалар жөніндегі комиссия кешенді бағалауды қамтамасыз етеді. Кешенді бағалау мына критерийлер бойынша жүргізіледі:
1) сұралатын қаржыландырудың негізділігі;
2) өтінімде көрсетілген шығыстардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;
3) іс-шаралардың аймақтың АӨК дамуына және еңбек өнімділігі деңгейіне ықпал ету дәрежесі;
4) өтінім берушілердің құқықтық мәртебесінің, төлем қабілетінің осы Қағиданың талаптарына сәйкестігі;
5) өтінім берушілердің біліктілігінің және техникалық жабдықталуының іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі.
21. Өтінімді кешенді бағалауды жүргізу барысында комиссия бағалауды сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында өтінім берушілерден қосымша ақпарат сұратуға, қажет болған кезде тиісті біліктілігі бар мамандарды тартуға құқығы бар. Кешенді бағалау және өтінімдерді іріктеу 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
22. Өтінімдері комиссияның теріс қорытындысын алған өтінім берушілерге бағдарлама әкімшісі комиссияның тиісті хаттамалық шешімі қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде бас тартудың себебін көрсете отырып, ресми хат жолдайды.
23. Қаражат беру жөніндегі комиссияның оң шешімі іс-шараны жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен қаржыландыру үшін негіз болып табылады.
24. Бағдарлама әкімшісі инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша шарт жобасына қол қояды және конкурстың жеңімпазына жібереді. Инновациялық жоба жөнінде шарт жасасу мерзімі конкурстың жеңімпазына шарт жобасы жіберілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
6. Қаржыландыру және қаражатты игеру
25. Қаражат конкурстың жеңімпазына іс-шараларды іске асыру жоспарына сәйкес төленеді. Төлеу тәртібі мен нысаны шартта көзделеді.
26. Қаражаттар шартта көзделген мақсаттық бағытына сәйкес қатаң пайдаланылады.
Ескерту. 26 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.03.2020 № 82 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
27. Конкурстың жеңімпаздары іс-шаралардың төлемдері бойынша бухгалтерлік есеп жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті.
28. Қаражат инновациялық жобаға қатысушы тараптардың салықтық берешектерін жабуға пайдаланылмайды.
29. Жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын инновациялық зертханалық жабдықты сатып алуды қоспағанда, негізгі құралдарды, ауылшаруашылық жануарларын, генетикалық материалды, басқа да шығыс материалдарын және өндірістік шығындарды (жанар-жағармай материалдарын, тұқымдық материалды, қосалқы бөлшектерді, басқаларды) сатып алуға, ғимараттар мен құрылыстарды ұстауға байланысты шығындар іс-шараларды іске асыруға қатысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өз қаражаттары есебінен жабылады.
Ескерту. 29 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.03.2020 № 82 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
30. Инновациялық жобаны іске асыру барысында жүзеге асырылған шығыстардың іске асыру жоспарына, жоба бюджетіне сәйкестігін тексеру мақсатында комиссия, қажет кезде облыстың жергілікті атқарушы органының мүдделі уәкілетті органдарының мамандарын тарта отырып, жобаның іске асырылу барысына ағымдағы мониторингті жүзеге асырады.
Жобаның іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру үшін комиссия тексерулер өткізу, сондай-ақ конкурс жеңімпазының осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес атқарылған жұмыстың барысы немесе көрсетілген қызмет туралы аралық және қорытынды есептерді беру мерзімдерінің кестесін бекітеді.
Конкурстың жеңімпазы атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет туралы аралық және қорытынды есепті үш данада жасайды және комиссия отырысында қарау және бекіту үшін бағдарлама әкімшісіне жібереді. Қорытынды есеп бағдарлама әкімшісіне ағымдағы қаржылық жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей берілуі тиіс. Сондай-ақ есептерге, оларды растау және негіздеу үшін ғылыми-техникалық және өзге де құжаттар қоса беріледі.
Қажет болған кезде, іс-шаралардың іске асырылуын мониторингілеу мақсатында конкурстың жеңімпазы, комиссия мүшелерінің және жергілікті атқарушы органның уәкілетті органдары өкілдерінің іс-шараларды іске асыру жүзеге асырылатын нысандарға қол жетімділігін, сондай-ақ іс-шараларды іске асыру процесіне тікелей қатысты барлық қажетті ақпаратты олардың ресми сұратуы бойынша ұсынылуын қамтамасыз етуге міндетті.
7. Қорытынды ереже
31. Алынған бюджет қаражаттары мақсатсыз пайдаланылған жағдайда бұл қаражаттар Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіппен жергілікті бюджетке қайтаруға жатады.
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
Өтінім нысаны
1. | Тіркеу нөмірі және күні (бағдарлама әкімшісінің қызметкерлері толтырады) | |
2. | Инновациялық жобаның атауы | |
3. | Инновациялық жобаны енгізу және тарату саласы (кіші саласы) | |
4. | Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаттарын және мәнін, жоба нәтижелерінің нақты қолданылуын, осыған ұқсас жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесін көрсету) | |
5. | Жобаның ұзақтығы (айлар бойынша) | |
6. | Жобаның басталу және аяқталу күндері | |
7. | Сұратылатын қаражат сомасы (теңгемен) | |
8. | Өтінім берушінің атауы, мекенжайы, телефоны/факсы, электрондық почтасының мекенжайы | |
9. | Өтінім берушінің байланысатын адамының Т.А.Ә., мекенжайы, телефоны, электрондық почтасы | |
10. | Инновациялық жобаның жетекшісі (аты, тегі және лауазымы, телефоны/факсы, электрондық почтасы көрсетіледі) | |
11. | Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысатын АӨК субъектілерінің атауы, мекенжайы, телефоны/факсы, электрондық почтасының мекенжайы |
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазба
1. Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының атауы.
2. Іс-шараны іске асыру орны: аудан, елді мекен.
3. Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шараның мақсаты мен міндеттері.
4. Негізгі өтінім берушінің (ғылыми-зерттеу ұйымының немесе ғылыми қызметкердің) және инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шараларға қатысушы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қысқаша сипаттамасы:
толық атауы;
негізгі өтінім берушінің және іс-шараларға қатысушы АӨК субъектілері қызметінің сипаттамасы;
негізгі мамандар, олар атқаратын қызметтердің/жұмыстардың түрлері (түйіндемесі және біліктілігін растайтын құжаттар қоса беріледі).
5. Өндірістің аталған буынындағы мәселелерді, іс-шара қандай мәселені шешуге бағытталатынын көрсете отырып, іс-шараларды негіздеу. Іс-шараларды іске асырудың маңыздылығы мен қажеттілігін, оның аймақтың агроөнеркәсіп кешенінің технологиялық даму деңгейіне және еңбек өнімділігіне ықпалын сипаттау.
6. Іс-шараны іске асыру аясында көрсетілетін негізгі қызметтердің сипаттамасы: қандай қызметтер/жұмыстар көрсетілетін немесе орындалатын болады, өндірісте қолдану үшін, жобаны орындау барысында сынақтан өткізу және көрсету үшін ұсынылатын нақты шешімдер мен технологиялар, нақты шаруашылық, аудан және облыс экономикасы үшін практикалық мәнін бағалау. Әрбір қызметтің/жұмыстың мақсатын, мазмұнын, ұзақтығын, күтілетін нәтижелерін, ресурстардың қажеттілігін, оның ішінде іс-шараны іске асыруға қатысушы АӨК субъектісінің базасында ғылыми әзірлеуді (технологияны) енгізу және тарату бойынша ғылыми-зерттеу ұйымының әдіснамасын көрсету қажет.
7. Нәтижелілік: іс-шараны іске асыру нәтижелерінің сан мен сапа көрсеткіштері. Өтінім берушінің ұсыныстарында АӨК субъектілері мен аудан/облыс экономикасының еңбек өнімділігін және өндіріс тиімділігін жақсартуға ықпалын бағалай отырып, нақты нәтижелер қамтылуы тиіс.
Іс-шараны іске асырудың экономикалық пайдаларын бұрын қолданылған технологиялармен салыстырып көрсету, ауданның/облыстың АӨК-ін дамыту, аграрлық нарықтағы ахуал тұрғысынан іс-шаралардың мақсаттылығын негіздеу қажет.
8. Экологиялық бағалауда іс-шараны іске асырудың қоршаған ортаға және ауданның/облыстың табиғат ресурстарына ықпалын бағалау болуы тиіс (оң, ықпалсыз немесе кері). Кері ықпал болған жағдайда мұндай ықпалдың зардабын азайту үшін не істелетінін көрсету қажет.
9. Тәуекелдер: іс-шараны табысты аяқтау үшін негізгі тәуекелдер және сол тәуекелдерді еңсеру шаралары.
10. Жобаның тіршілікке қабілеттілігі: іс-шараны іске асыруға қатысушы АӨК субъектілері өндірісінің қаржыландыру аяқталғаннан кейінгі тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін алдын ала қабылданатын шараларды сипаттау қажет.
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
(атауын көрсету)
Қызметтер/жұмыстар түрлері | Күтілетін нәтижелер (1 жыл) | |||
1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан | |
1. | ||||
2. |
Қызметтер/жұмыстартүрлері | Күтілетін нәтижелер (2 жыл) | |||
1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан | |
1. | ||||
2. |
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
Инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шаралардың шығыстар сметасы*
(атауын көрсету керек)
мың теңге | ||||||||||||||||
№ | Шығыстардың баптары** | Өлш. бірл. | Бағасы | Құны | оның ішінде айлар бойынша | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | |||||
1. | Еңбекақы | |||||||||||||||
1.1. | ||||||||||||||||
1.2. | ||||||||||||||||
2. | Іссапар шығыстары | |||||||||||||||
2.1. | ||||||||||||||||
2.2. | ||||||||||||||||
3. | Тікелей шығыстар | |||||||||||||||
3.1. | ||||||||||||||||
3.2. | ||||||||||||||||
4. | Үстеме шығыстар | |||||||||||||||
Жиыны: |
* Инновациялық жобаны енгізу жөнiндегi iс-шараларды іске асырудың әрбiр жылына бөлек көрсетiледi
** Бюджет қаражатынан және өтiнiм берушiлердiң өз қаражатынан (болған жағдайда) қаржыландырылатын шығыстар бөлек көрсетiледi
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі үлгі шарт
20 ж. "___" __________ № _____
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _____________________ атынан, Қағида негiзiнде әрекет ететiн ___________________________ бiр тараптан, және бұдан әрi Орындаушы деп аталатын,_______________________________ атынан, Жарғы негiзiнде әрекет ететiн _______________________________________екiншi тараптан, Инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның 20__ жылғы "___" __________ № ___ шешімін басшылыққа ала отырып, инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі осы Шартты жасасты және мынадай келiсiмге келдi:
1. Шарттың мәнi
1.1. Тапсырыс беруші 019 "Инновациялық тәжiрибенi тарату және енгiзу жөнiндегi қызметтер" бюджеттiк бағдарламасы бойынша инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылатын агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаны іске асыру жөнінде тапсырма береді, ал Орындаушы өзiне міндеттемелер қабылдайды.
Бағдарлама бойынша:
Бағыты:
Тақырыбы бойынша:
1.2. Орындаушы ________________________________ әзiрлеген және осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып саналатын ______________________ инновациялық жобаға сәйкес _______________________________________ инновациялық жобасын енгiзу және тарату бойынша қызметті мынадай шаруашылықтардың өндiрiстiк жағдайларында атқаруға міндеттенеді:
1) _________________________________________________________
2) _________________________________________________________
3) _________________________________________________________
1.3. Орындаушының 201__ жыл iшiнде қызмет көрсету мерзімі.
1.4. Осы Шарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тапсырыс беруші мен Орындаушының арасында көрсетілген қызмет актісіне қол қойылғаннан кейін қызмет көрсетілді деп саналады.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
2.1. Орындаушы:
2.1.1. Қызметті __________________________________ инновациялық жобаны іске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес тиiсiнше сапалы көрсетуге;
2.1.2. Қызметті осы Шарттың 1.3-тармағында көрсетiлген мерзiмде толық көлемде көрсетуге;
2.1.3. Егер қызмет көрсету барысында Орындаушы осы Шарттың талаптарынан ауытқуға жол берген болса барлық айқындалған кемшiлiктердi Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша тегiн түзетуге міндетті.
2.2. Тапсырыс берушi:
2.1. Орындаушы көрсететін қызметтің барысы мен сапасын оның қызметiне араласпай тексеруге;
2.2.2. Көрсеткен қызметтердің актiсiне қол қойылғанға дейiн Тапсырыс берушiнiң Шартты орындаудан бас тартуы туралы хабарламаны алғанға дейiн Орындаушы көрсеткен қызметтердiң бiр бөлiгiне тең белгiленген бағаны төлей отырып, кез келген уақытта Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
3. Шарттың жалпы сомасы және қызметақы төлеу шарттары
3.1. Шарттың жалпы сомасы барлық салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдердi ескере отырып, жұмыстарды жүргізуге, қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығындардың құнын қоса ________ (жазбаша) теңге құрайды.
3.2. Орындаушының қызмет ақысын Тапсырыс берушi мынадай тәртiппен төлейдi:
Тапсырыс берушi шарт сомасының 30%-ын алдын ала, аталған бағдарлама бойынша ағымдағы жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес осы шарт Қазынашылық органдарында тiркелген сәттен бастап 10 (он) банктiк күн iшiнде төлейдi;
келесі төлем ай сайын, нақты көрсетілген қызметтер бойынша, Орындаушы ұсынған көрсетілген қызметтерге шот-фактура мен актiнің негізінде аванс толық өтелгеннен кейін жүргiзiледi.
3.2.1. Ұсынылған есептік құжаттардың дұрыстығына, оның ішінде көрсетілген қызметтер актілеріне Орындаушы жауап береді.
Ескерту. Қағида 3.2.1-тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 27.05.2019 № 174 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3.3. Инновациялық жобаны қаржыландыруға жергiлiктi бюджеттен бөлінген қаражаттар оның мақсатты бағытына және белгіленген тәртіппен бекітілген шығыстар сметасына қатаң сәйкестікте пайдаланылуы тиіс.
3.4. Инновациялық жобаның пайдаланылмаған қаражаты жергілікті бюджетке қайтаруға жатады.
3.5. Орындаушы және бірлесіп орындаушы өздерінде талапқа сай бухгалтерлік есеп және көрсетілген қызметтің нақты құнына оның кезеңдері бойынша талдау жүргізілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
4. Қызметтерді тапсыру және қабылдау тәртiбi
4.1. Орындаушы Тапсырыс берушiге есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей көрсетілген қызметтер актісін ұсынады. Соңғы көрсетілген қызметтер актісін тапсыру мерзімі ағымдағы қаржы жылының 5 желтоқсанынан кеш болмауы тиіс.
4.2. Қызметтер мерзiмiнен бұрын көрсетілген жағдайда, Тапсырыс берушi мерзiмiнен бұрын қызметтерді қабылдауға және еңбекақы төлеуге құқылы.
4.3. Егер қызмет көрсету барысында керi нәтиже алынатындығы немесе қызметтерді бұдан әрi көрсетуді жалғастыру тиімсіз екенi анықталса, Орындаушы қызметті тоқтатқаннан кейiн 5 күн мерзiм iшiнде Тапсырыс берушiге хабарлап, қызметті тоқтатуға мiндеттi.
Мұндай жағдайда тараптар қызмет көрсетуді жалғастырудың тиімділігі мен бағыттары туралы мәселенi қарауға мiндеттi.
5. Тараптардың жауапкершiлiгі
5.1. Шартта көзделген мiндеттер орындалмаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайлар мен тәртiпке сәйкес жауапты болады.
6. Дауларды шешу тәртiбi
6.1. Осы Шарт Орындаушы тарапынан тәртiп бұзылғаны анықталған жағдайда кез келген кезеңiнде бұзылуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда, екі тарап көрсетілген қызметтер актісіне қол қойғаннан кейін Тапсырыс берушi Орындаушыға нақты көрсетілген қызметтер үшін соманы төлейді.
6.2. Тапсырыс берушi мен Орындаушы Шарт бойынша немесе оған байланысты барлық келiспеушiлiк пен дауларды тiкелей келiссөздер жүргiзу барысында шешу үшiн барлық күш-қайратын жұмсауы тиiс.
6.3. Егер тараптар осындай келiссөздер жүргiзу басталған күннен кейiн 21 (жиырма бір) күн iшiнде Шарт жөнiндегi өзара дауды шеше алмаса, тараптардың әрқайсысы бұл мәселенiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiлуiн талап етуге құқылы.
7. Шарттың қолданылу мерзімі
7.1. Осы Шарт ол Қазынашылық органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы " " ______ дейін қолданыста болады.
8. Өзге де талаптар
8.1. Осы Шарт ұқсас және бірдей заңды күші бар екі данада жасалды.
9. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелерi
Инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі 20_ ж. _______ № __ шартқа қосымша |
20_ ж. "__" ______ № ____ шарт бойынша
№ ___ көрсетілген қызметтер актісі
20_ ж. "__" _______
Біз, төменде қол қоюшылар, ____________________________________ негізінде әрекет ететін Тапсырыс беруші, _____________ тұлғасында бір тараптан, және Жарғы негізінде әрекет ететін Орындаушы ____________,бірінші басшы __________________________ тұлғасында екінші тараптан, осы Актімен, __________ № ____ шартқа сәйкес, Тапсырыс беруші 019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша мынадай қызметтерді қабылдағанын растаймыз:
а)
б)
в)
Барлық салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса есептегенде көрсетілген қызметтердің құны _____________ ______________________________________________________ құрайды
(сомасы санмен және жазбаша, валютаның атауы)
Қызметтер сапалы орындалды және шарттың талаптарын қанағаттандырады.Тараптардың бір-біріне наразылықтары жоқ.
МО _______________ ТАӘ МО ________________ ТАӘ
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 6-қосымша |
Аралық және қорытынды есептің нысаны*
Есеп беру күні | |
Өтінім берушінің атауы | |
Шарттың нөмірі және күні | |
Қаржыландыру мақсаты | |
Қаржыландыру сомасы | |
Есептілік кезеңі | |
Қол жеткізілген нәтижелер | |
Қорғау құжатының атауы (болған жағдайда) | |
Қорғау құжатының (болған жағдайда) нөмірі және берілген күні |
Инновациялық жобаны енгізу бойынша қол жеткізілген нәтижелер:
№ | Серіктестің атауы | Шарттың атауы | Шарттың нөмірі және күні | Шарттың сомасы | Шарттың мерзімі | Төлем шарттары |
Инновациялық жобаның нәтижелерін әрі қарай тарату жөніндегі
іс-шаралар:
№ | Әлеуетті серіктестің атауы | Іс-шара | Болжамды шығын сомасы | Шарт жасасудың болжамды мерзімдері |
Инновациялық жобаны енгізу нәтижелерінің нақты нысаны және көлемдері*:
№ | Енгізу нысаны |
Енгізу көлемдері | ||
1-ші жыл | 2-ші жыл | 3-ші жыл | ||
1 | Жаңа өндірісті ұйымдастыру және/немесе а/ш өнімінің жаңа түрлерін енгізу; | |||
2 | Жаңа агротехнологияны және/немесе қызметті енгізуді ұйымдастыру; | |||
3 | Жаңа технологиялық жабдықты ұйымдастыру; | |||
4 | Агротехнологияларды енгізудің басқа да нысандары |
* қаржыландыру ерекшелігіне қарай толтырылады.