Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 192 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 маусымда № 6023 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 213 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 26.06.2020 № 213 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 953 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 18138 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 338 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4351 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 15 ақпанда "Дидар", 2016 жылғы 13 ақпанда және 2016 жылғы 16 ақпанда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысында 1 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      2) "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 243 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4662 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 қыркүйекте "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде, 2016 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі Қазақстан көшірмелерін Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдануын;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2019 жылғы "10" маусымдағы
№ 192 қаулысына қосымша
  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы 2 тамыздағы
№ 243 қаулысымен бекітілген

"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциалық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі –Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 74 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 13213 болып тіркелген) бекітілген "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру (бұдан әрі – куәлік).

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің және Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарының болуы негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарын қабылдауы, кіріс құжаттама журналына тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орындаушыны белгілеуі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

      3) көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына және куәлік беру негіздеріне сәйкестігін тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні;

      4) көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының куәлікті ресімдеуі. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының ресімделген куәлікке қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

      6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін куәлікті Мемлекеттік корпорацияға тапсырады. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін құжаттар пакеті тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күнінің ішінде.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимылдың нәтижесі 2-іс-қимылды бастау үшін негіз болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады.

      Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі 3-іс-қимылды бастау үшін негіз болып табылатын көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы болып табылады.

      Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі 4-іс-қимылды бастау үшін негіз болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының тексерілген құжаттары болып табылады.

      Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі 5-іс-қимылды бастау үшін негіз болып табылатын ресімделген куәлік болып табылады.

      Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі 6-іс-қимылды бастау үшін негіз болып табылатын көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған куәлік болып табылады.

      Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің мемлекеттік корпорацияға куәлікті тапсыруы болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдерді (іс-қимылдарды) сипаттау:

      1) Стандарттың 9 тармағына сәйкес, Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және құжаттарын қабылдау, кіріс құжаттама журналына тіркеу. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орындаушыны белгілеуі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

      3) көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына және куәлік беру негіздеріне сәйкестігін тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні;

      4) көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының куәлікті ресімдеуі. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ресімделген куәлікке қол қоюы.Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) жұмыс күні;

      6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға тапсыруы. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

      9. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді және Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіштегі өтініш бланкісін толтырады.

      Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының қызметкеі (оператор) қағаз жеткізгіштегі өтінішті қабылдайды және қабылдаған өтінішті Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызмет көрсету мониорингінің ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МАЖ) тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы, сондай-ақ дайын құжаттардың берілу күні көрсетілген қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Жинақтау секторына келіп түскен өтініш (құжаттар топтамасымен бірге) қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу жолымен Мемлекеттік корпорацияның МАЖ жүйесінде тіркеледі.

      Көрсетілетін қызметті берушіге берілетін құжаттар тізілімі Мемлекеттік корпорацияның МАЖ-да автоматты түрде тіркеледі. Қызметкер (маман) көрсетілетін қызметті берушіге берілетін құжаттардың басып шығарылған тізілімін екі данада беруді жүзеге асырады.

      Тізілімнің екі данасымен бірге қалыптастырылған өтініштер (құжаттар топтамасымен бірге) арнайы жәшіктерге салынып, қапталады, мөр басылады және Мемлекеттік корпорацияның басшысы бекіткен кестеде белгіленген уақытта курьерлік немесе осыған уәкілеттік берілген өзге де байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолданады. Тізілімнің екінші данасы көрсетілетін қызметті берушінің алғандығы туралы белгімен Мемлекеттік корпорацияға қайтарылады.

      Беруге дайын құжаттар тізілімінің екі данасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіден Мемлекеттік корпорацияның басшысы бекіткен кестеде белгіленген уақытта курьерлік немесе осыған уәкілеттік берілген өзге де байланыс арқылы жеткізіледі.

      Дайын (ресімделген) және бас тартылған құжаттарды қабылдау кезінде жинақтау секторының қызметкері (маманы) көрсетілетін қызметті беруші ұсынған құжаттардың сәйкестігін тексереді. Тізілімнің екінші данасы, тізілімде көрсетілген барлық құжаттар болған жағдайда ғана алғандығы туралы белгімен көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады. Басқа жағдайда бас тарту себебі көрсетіле отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

      10. Мемлекеттік корпорация арқылы сұрату нәтижесін алу процесі:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткеннен кейін жүгінеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күн ішінде. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дайын құжаттарды беруді көрсетілетін қызметті алушының жеке басты куәландыратын құжатты (не оның өкілін өкілеттігін растайтын құжат бойынша өкілі) көрсеткен жағдайда, қолхат негізінде оның қызметкері жүзеге асырады.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

     


Шартты белгілер мен қысқартулар:

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады