РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 92-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/171-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3105 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 желтоқсандағы "Дидар", 2013 жылғы 9 желтоқсандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесінде:
"Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға қойылатын талаптар" 2 – тарауында:
6 – тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2019 жылғы "___"_______________