Жергілікті маңызы бар "Аюды" мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 333 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 қазанда № 6184 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 14-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының аумағында жалпы алаңы 5873,8022 гектар жергілікті маңызы бар "Аюды" мемлекеттік табиғи қаумалы (бұдан әрі Қаумал) құрылсын.

      2. Қаумал "Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Асубұлақ орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілсін.

      3. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы
      әкімінің міндетін атқарушы Е. Аймұқашев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Экология, геология және табиғи
      ресурстар министрлігі
      Орман шаруашылығы және жануарлар
      дүниесі комитетінің төрағасы
      _________________ А. Қайнарбеков

      2019 жылғы "____" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады