Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2/3-VI "Өскемен қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 45/11-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 6048 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 59/3-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 30.07.2020 № 59/3-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 87 қаулысына және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 28/308-VI "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының құрамдас бөлігін қайта атау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5798 нөмірімен тіркелген) бірлескен шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2/3-VI "Өскемен қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4482 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 25 сәуірде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 3 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді: Өскемен қаласы: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойынша Металлургтер мәдениет сарайынан Гагарин бульвары бойымен "Восток" стадионының аланына дейін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Бахыт
      Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Светаш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады