РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31–бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 - бабы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерде осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;
4) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі | Е. Сәлімов |
Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "02" сәуірдегі № 533 қаулысына қосымша |
2019 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Р/с № | Кәсіпорын атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөл-шері (%) | Жұмыс орындар саны (адам) |
1. | "Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты" акционерлік қоғамы | 490 | 1 | 5 |
2. | "Семей машина жасау зауыты" акционерлік қоғамы | 173 | 1 | 2 |
3. | "Қаражыра" акционерлік қоғамы | 717 | 1 | 7 |
4. | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 793 | 1 | 8 |
5. | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының перинаталдық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 562 | 1 | 6 |
6. | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының № 2 емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 227 | 1 | 2 |
7. | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының № 3 емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 210 | 1 | 2 |
8. | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының № 4 емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 157 | 1 | 2 |
9. | ШҚО денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 592 | 1 | 6 |
10. | Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 448 | 1 | 4 |
11. | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Семей филиалы | 276 | 1 | 3 |
12. | "Ай-Ар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 105 | 1 | 1 |
13. | "Алфом" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 73 | 1 | 1 |
14. | "Аманат Газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 137 | 1 | 1 |
15. | "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 138 | 1 | 1 |
16. | "Гордорстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 480 | 1 | 5 |
17. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Семей" филиалы | 55 | 1 | 1 |
18. | Семей медицианалық әлеуметтік мекемесі "Санаторий "KARAGAILY" | 90 | 1 | 1 |
19. | "Казполиграф" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 547 | 1 | 5 |
20. | "Казахцемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 383 | 1 | 4 |
21. | "Казэлектромаш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 159 | 1 | 2 |
22. | "Компания Восток-Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 131 | 1 | 1 |
23. | "Семей құю-механикалық зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 115 | 1 | 1 |
24. | "Силикат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 280 | 1 | 3 |
25. | "Семей аяқ киім фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 189 | 1 | 2 |
26. | "СӘТ ТРАНС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 165 | 1 | 2 |
27. | "Темир-Транс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 118 | 1 | 1 |
28. | "Семей цемент зауыты" өндірістік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1074 | 1 | 11 |
29. | "Daewoo Bus Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 1 | 1 |
30. | "Семей Водоканал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 649 | 1 | 6 |
31. | "Теплокоммунэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 1678 | 1 | 17 |
32. | "Фирма "Азия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 180 | 1 | 2 |
33. | "ЭЙКОС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 410 | 1 | 4 |
34. | "Эмиль" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 110 | 1 | 1 |
35. | "Алел" қаржы-инвестициялық корпорациясы | 945 | 1 | 9 |