Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 17.07.2020 № 54/394-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 50/276-V "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiнің қосымша ережелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 28 наурызда № 4447 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
осы шешімнің қосымшасының 3-тармағындағы "Ленин көшесінен" сөздері "Мәңгілік ел көшесінен" сөздеріне ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | Р. Хазипов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | Б. Ақжалов |