Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 04.03.2021 № 3/6-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңының 6 -бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3341 болып тіркелген, 2014 жылғы 06 маусымда № 23 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
1 тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) "Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, әлеуметтік көмек көрсету жүзеге асырушы өкілетті орган;";
6 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған негіздеме;";
6 тармақтың 4) тармақшасы келесі мазмұнда толықтырылсын:
"4) Риддер қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына баратын кәмелетке толмаған балалар және/немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.";
7 тармақты жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:
1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) қадағалаусыз қалған, оның ішінде девианттық мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;
3) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандар;
4) туғаннан үш жасқа дейінгі бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктері шектелген балалар;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген адамдар;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар;
8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездікке ұшыраған адамдар;
9) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар;
11) пробация қызметі есебінде болғандар;
12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян алған адамдар;
13) белгіленген шектен аспайтын өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар);
14) мектепке дейінгі ұйымдарға баратын көпбалалы отбасылардағы балалар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.";
8 тармақ жана редакцияда жазылсын:
"8. Адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде белгіленсін.
Осы Қағидалардың 7 тармағының 14) тармақшасында көрсетілген алушылар санаты үшін жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің алты еселік мөлшерінде бекітілсін.".
2. Бұл шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Беляев |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | И. Панченко |