Абай ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 128 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 қыркүйекте № 6136 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Абай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 92 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Абай ауданы әкімдігінің 06.06.2023 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Абай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

      3) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. "Абай ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізінде үй-жай беру туралы" Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4417 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 4 наурызында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Абай ауданы әкімінің аппарат басшысы Д. Маратұлына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Байсабыров

  Абай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "29" тамыздағы
№ 128 қаулысына қосымша

Абай ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін берілетін үй–жайлардың тізбесі

№ р/с

Елді-мекен атауы

Кандидаттармен кездесу өткізу орны

1

Қарауыл ауылдық округі

"Абай аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

2

Кеңгірбай би ауылдық округі

ауылдық клубтың ғимараты

3

Көкбай ауылдық округі

"Көкбай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

4

Құндызды ауылдық округі

"Ш.Әбенов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

5

Архат ауылдық округі

ауылдық клубтың ғимараты

6

Орда елді мекені

"Мамай атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

7

Қасқабұлақ ауылдық округі

"М.Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

8

Саржал ауылдық округі

ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

9

Тоқтамыс ауылдық округі

ауылдық клубтың ғимараты

10

Медеу ауылдық округі

ауылдық клубтың ғимараты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады