Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп танылсын:
1) Абай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 128 "Абай ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6136 тіркелген, 2019 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);
2. "Абай облысы Абай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Абай облысы Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Абай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Н. Абдыкаримов |