Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 79 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 наурызда № 5804 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 18.03.2020 № 73 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 1 - тармағының 14-1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 – бабы 2 – тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 19 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5479 тіркелген, 2018 жылғы 9 наурызда "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2018 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) оның ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Селихановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі О. Булавкина

  Бородулиха
ауданы әкімдігінің 2019 жылғы
______№__қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері

    №

Ұйымның атауы

Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындар саны (бірліктері)

1

"Шығыстүстімет"жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Орлов өндірістіккешені

1725

0.5

9

2

"Семейгидрогеология" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

108

2

2

3

"Е.Зайтенов" шаруа қожалығы

212

1

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады