Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 73 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 наурызда № 6818 болып тіркелді. Күші жойылды- Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 111 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды- Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 07.04.2021 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 – бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурызда № 79 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 27 наурызда № 5804 тіркелген, 2019 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) оның ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Селихановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бородулиха ауданының әкімі О. Булавкина

  2020 жылғы 18 наурызы № 73
Әкімдігінің қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері

Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы
 

Жылдың басына тізім бойынша жұмысшылардың саны (адам)

Жұмысшылардың тізімдік санынан бекітілген квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Шығыстүстімет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Орлов өндірістік кешені

1771

0.2

4

2

Бородулиха ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Коммуналдық шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

38

6

2

3

"Лазарев и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

128

1

1

4

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" Республикалық мемелекеттік мекемесінің Бородулиха филиалы

160

3

5

5

"Алмакос" шаруа қожалығы

39

3

1

6

"Красный Партизан" шаруа қожалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

57

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады