"Бородулиха ауданы бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 192 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы № 227 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 тамызда № 6115 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 – бабы 2 – тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бородулиха ауданы бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 192 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6059 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 шілдедегі "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2019 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Қ. Бичуиновқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі О. Булавкина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады