Глубокое аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 26/5-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 32/7-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 маусымда № 5997 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 34/8-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 18.09.2019 № 34/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 26/5-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3337 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      келесі мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін Глубокое аудандық әкімдігі белгілейді және Глубокое аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) Глубокое аудандық мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      4) көпбалалық және/немесе отбасында Глубокое ауданының мектепке дейінгі ұйымдарына баратын, ерекше білім беру қажеттілігімен балалардың бар болуы негіздеме болып табылады.";

      6-тармақ 6-1-тармағы болып есептелсін;

      6-1 тармақта:

      2-1), 5) және 7) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

      "2-1) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      5) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген адамдар;

      7) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қаралған адамдар;";

      келесі мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) көп балалы отбасыларынан балалар және мектепке дейінгі ұйымдарға баратын, ерекше білім беру қажеттіліктерімен балалар;";

      келесі мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:

      "8-2. Осы қағиданың 6-1-тармағының 10-1) тармақшасында көрсетілген алушылар санаты үшін жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төменгі күнкөріс шамасынан алты еселік мөлшерінде белгіленсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады