ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 7/4-VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алулар туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4795 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 25 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар ай сайын оқу жылы ішінде төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.".
2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Леонтьева |
Глубокое аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Баймульдинов |