Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Ертіс ауылдық округінің Прапорщиково және Уварово ауылдарының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 6465 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы және 26 қарашадағы қорытындылары негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, Ертіс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округінің Прапорщиково ауылының мына құрамдас бөліктері:

      Советская көшесі Мерей көшесі болып;

      Киров көшесі Атамекен көшесі болып;

      Ленин көшесі Отан көшесі болып;

      Октябрьская көшесі Утренняя көшесі болып қайта аталсын.

      2. Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округінің Уварово ауылының мына құрамдас бөліктері:

      Ленин көшесі Қазақстан көшесі болып;

      Советская көшесі Жаңа жол көшесі болып;

      Киров көшесі Болашақ көшесі болып қайта аталсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде тіркелуін;

      2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Глубокое ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ертіс ауылдық округінің әкімі Е. Жумагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады