Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Секисовка ауылдық округінің Секисовка ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Секисовка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 6446 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 29 қарашадағы қорытындылары негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, Секисовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое ауданы Секисовка ауылдық округінің Секисовка ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Советская көшесі Бастау көшесіне";

      Киров көшесі Мирная көшесіне.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Секисовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде тіркелуін;

      2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Глубокое ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Секисовка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы М. Калынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады