Жарма ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 10 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 17 қаңтарда № 5-10-167 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 98 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 18.04.2019 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жарма ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 тамыздағы № 238 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-152 тіркелген, 2018 жылы 21 қыркүйектегі "Қалба тынысы" газетінде және 2018 жылғы 18 қыркүйкте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жарма ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданы әкімінің орынбасары А.М. Ибраевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданы
      әкімінің міндетін атқарушы Н. Нургалиев

  Жарма ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "16" қаңтардағы
№ 10 қаулысына қосымша

2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері

№    

Ұйым атауы

Тәрбиеленушілер саны, адам

Айына бір тәрбиеленушінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері, теңге

Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге

Барлығы

соның ішінде:

соның ішінде:

толық күнге келуімен

жарты күнге келуімен

толық күнге келуімен

жарты күнге келуімен

1

Жарма ауданы әкімдігінің "Алтынай" балалар бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


140


31 402


3 жасқа дейін -9000 3-6 жас аралығында -9500

2

Жарма ауданы әкімдігінің жедел басқару құқығындағы "Балауса" балалар бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


140


28 735


3 жасқа дейін -9000 3-6 жас аралығында -9500

 3

Жарма ауданы әкімдігінің "Бастау" балалар бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


100


31 402


3 жасқа дейін -9000 3-6 жас аралығында -9500

4

Жарма ауданы әкімдігінің "Аққу" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


140


31 402


3 жасқа дейін -9000 3-6 жас аралығында -9500

5

Жарма ауданы әкімдігінің "Ақбота" балалар-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


75


28 735


3 жасқа дейін -9000 3-6 жас аралығында -9500

6

Жарма ауданы әкімдігінің "Айгөлек" балалар бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


140


31 402


3 жасқа дейін -9000 3-6 жас аралығында -9500

7

"Ер-Дәурен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


75


31 402


2-6 жас аралығында -11000

8

"Айналайын, Жарма" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


75


31 402


2-6 жас аралығында -10000

9

Шығыс Қазастан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Н. Крупская атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталығы


25


28 667


3 жасқа дейін-6500 3-6 жас аралығында -7000

10

Шығыс Қазастан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Дүйсенбі Қалматайұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталығы


18


28 667


3 жасқа дейін-6500 3-6 жас аралығында -7000

11

Шығыс Қазастан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Қажыгелді атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталығы


15


28 667


3 жасқа дейін-6500 3-6 жас аралығында -7000

12

Шығыс Қазастан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Бірлік орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталығы


20


28 667


3 жасқа дейін-6500 3-6 жас аралығында -7000

13

Шығыс Қазастан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Т. Хасенұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталығы


25


28 667


3 жасқа дейін-6500 3-6 жас аралығында -7000

14

Шығыс Қазастан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Жамбыл атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталығы


15


28 667


3 жасқа дейін-6500 3-6 жас аралығында -7000

15

Шығыс Қазастан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Т. Көбдіков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталығы


22


26 297


3 жасқа дейін-6500 3-6 жас аралығында -7000

16

Шығыс Қазастан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталығы


15


28 667


3 жасқа дейін-6500 3-6 жас аралығында -7000

17

Шығыс Қазастан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "П. Теряев атындағы № 17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталығы


11


28 667


3 жасқа дейін-6500 3-6 жас аралығында -7000

18

Шығыс Қазастан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Шевченко атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күндік шағын орталығы



16


7 453

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады