Жарма ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 98 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 сәуірде № 5874 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 245 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 03.06.2020 № 245 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" заңының 6-бабының 4 тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 10 "Жарма ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-167 тіркелген, 2019 жылы 25 қаңтарында "Қалба тынысы" газетінде және 2019 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жарма ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданы әкімінің орынбасары А.М.Ибраевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданы
      әкімінің міндетін атқарушы Н. Нургалиев

  Жарма ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "18" сәуірдегі
№ 98 қаулысына қосымша

2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері

№   

Ұйым атауы

Тәрбиеленушілер саны, адам

Айына бір тәрбиеленушінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері, теңге

Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге

Барлығы

соның ішінде:

соның ішінде:

толық күнге келуімен

жарты күнге келуімен

толық күнге келуімен

жарты күнге келуімен

1

Жарма ауданы әкімдігінің "Алтынай" балалар бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


140


31 402


9500

2

Жарма ауданы әкімдігінің жедел басқару құқығындағы "Балауса" балалар бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


140


28 735


9500

3

Жарма ауданы әкімдігінің "Бастау" балалар бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


100


31 402


9500

4

Жарма ауданы әкімдігінің "Аққу" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


140


31 402


9500

5

Жарма ауданы әкімдігінің "Ақбота" балалар-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


75


28 735


9500

6

Жарма ауданы әкімдігінің "Айгөлек" балалар бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


140


31 402


9500

7

"Ер-Дәурен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


75


31 402


11000

8

"Айналайын, Жарма" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


75


31 402


10000

9

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


30




9500

10

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Абай атындағы мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


50




9500

11

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің ауылдық аймақта орналасқан коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің жанындағы шағын орталықтары


Жобалық қуатына сәйкес


28 667


3 жасқа дейін-6500, 3-6 жас аралығында 7000

12

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің аудандық маңызы бар қалада орналасқан коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің жанындағы шағын орталықтары


Жобалық қуатына сәйкес


26 297


3 жасқа дейін-6500, 3-6 жас аралығында 7000

13

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің жанындағы жарты күндік шағын орталықтары



Жобалық қуатына сәйкес


7 453

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады