Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 31 қаңтарда № 5-11-191 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 743 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 28.12.2020 № 743 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі аталған қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Зайсан ауданы әкімінің орынбасары М.С.Сапарғалиеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы М. Сапарғалиева
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зайсан аудандық
      мәслихатының хатшысы Д. Ыдырышев

  Зайсан ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "25" қаңтардағы
№ 33 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласының мамандарының лауазымдары: барлық мамандықтар дәрігерлері, фельдшер, акушер, зертханашы, медициналық медбике.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары: үйден әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшенің меңгерушісі, арнайы әлеуметтік қызметтегі қажеттілігін анықтау және бағалау жөніндегі сарапшы маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, ассистент.

      3. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары: мектеп директоры, мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары, интернат меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, педагог – ұйымдастырушы, педагог – психолог, тәрбиеші, барлық мамандықтар мұғалімдері, қосымша білім беру педагогы, оқу өндірістік оқыту шебері, алғашқы әскери дайындық оқытушысы, дене тәрбие жөніндегі нұсқаушы, тәлімгер, музыка жетекшісі, медициналық медбике, әдіскер, психолог, бас есепші, есепші, зертханашы.

      4. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары: коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры, клуб меңгерушісі, әртіс, мәдени жұмыстарды ұйымдастырушы, аккомпаниатор, кітапханашы.

      5. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары: коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры, нұсқаушы, жаттықтырушы, медициналық медбике, есепші, педагог-психолог, тәрбиеші, тәлімгер.

      6. Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары: коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры, коммуналдық қазыналық кәсіпорын директорының орынбасары, аға мал дәрігері, мал дәрігері, фельдшер, санитар.

      7. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласының мамандарының лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орманшылық басшысы және көмекшісі, орман шебері, орман күзетуші, өрт сөндіруші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады