Зайсан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 162 "Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 164 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 наурызда № 5749 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығының 3-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 16299) сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Зайсан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 162 "Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4973 тіркелген, 2017 жылғы 03 мамырда "Достық" газетінде жарияланған, 2017 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық Әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Зайсан ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

      4) осы қаулыны ресми түрде жарияланған соң Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппарат басшысының міндетін атқарушы С. Исаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан ауданының әкімі Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады