Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 282 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 мамырда № 5908 болып тіркелді

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 03.04.2023 № 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 03.04.2023 № 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 03.04.2023 № 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 03.04.2023 № 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Әкімшілік аумақтық бірлік әкімдері белгіленген орындарды стендтер, тумбалар және жарнама тақталарымен жабдықтасын.

      4. "Зайсан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысының міндетін уақытша атқарушы С.Исаеваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан ауданының әкімі С. Ақтанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Зайсан аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
С. Андырбаев

  Зайсан ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "2" мамырдағы
№282 қаулысына 1 қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 03.04.2023 № 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     № р/с

Елді-мекен

Мекен-жайы

Орналастыру орны

1

Зайсан қаласы

Шаймардан көшесі, №14

Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алдында

2

Зайсан қаласы

Төлеген Тоқтаров көшесі, №43

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Зайсан орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алдында

3

Зайсан қаласы

Қыдырпатша Боқажанов көшесі

Т.Аубакиров атындағы саябағының алдында

4

Зайсан қаласы

Бауыржан Момышұлы көшесі, №37

Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан ауданы бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

5

Зайсан қаласы

З.Құнияров көшесі, №86

Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Зайсан аудандық кітапханасы ғимаратының алдында

6

Зайсан қаласы

Бауыржан Момышұлы көшесі мен Бухар Жырау көшесінің қиылысы

Автобус аялдамасының алдында

7

Зайсан қаласы

Нұрғожа Жақсылықов көшесі мен Молдағұлова көшесінің қиылысы

Автобус аялдамасының алдында

8

Сарытерек ауылы

Абай көшесі, №70

Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Сарытерек ауылдық клубы ғимаратының алдында

9

Көгедай ауылы

3-шартты көшесі, №13

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Зайсан орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Көгедай ауылындағы медициналық пункті ғимаратының алдында

10

Шалқар ауылы

Әлкен Байботанов көшесі, №15

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Зайсан орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шалқар ауылындағы медициналық пункті ғимаратының алдында

11

Дайыр ауылы

Қызыр Аманжанов көшесі, №18А

Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Дайыр ауылдық клубы ғимаратының алдында

12

Жамбыл ауылы

3-шартты көшесі, №24

Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл ауылдық клубы ғимаратының алдында

13

Көкжыра ауылы

Мұқыш Күшіков көшесі, №25

Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Көкжыра ауылдық клубы ғимаратының алдында

14

Біржан ауылы

19 Мамыр көшесі, №4

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Зайсан орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Біржан ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының алдында

15

Қуаныш ауылы

3-шартты көшесі, №6

3-шартты көшесіндегі №6 үйдің алдында

16

Ақарал ауылы

1-шартты көшесі, №5

1-шартты көшесіндегі №5 үйдің алдында

17

Айнабұлақ ауылы

А.Дәніков көшесі, №4

"Айнабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің Айнабұлақ ауылындағы "Балдырған бөбекжай-бақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында

18

Айнабұлақ ауылына қарасты Сарытұмсық шаруа қонысы

1-шартты көшесі, №6/1

1-шартты көшесіндегі №6/1 үйдің алдында

19

Жаңатұрмыс ауылы

1-шартты көшесі, №12/3

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Зайсан орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жаңатұрмыс ауылындағы медициналық пункті ғимаратының алдында

20

Қайнар ауылы

Арпабай Сауырбаев көшесі, №12/2

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Зайсан орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қайнар ауылындағы медициналық пункті ғимаратының алдында

21

Кеңсай ауылы

Тәйтүгіл Бисмақұлы көшесі, №3

Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Кеңсай ауылдық клубы ғимаратының алдында

22

Жарсу ауылы

Құмар Ералин көшесі, №16-а

Құмар Ералин көшесіндегі №16-а үйдің алдында

23

Саржыра ауылы

Елубай Қалқашұлы көшесі, №42

Елубай Қалқашұлы көшесіндегі №42 үйдің алдында

24

Бақасу ауылы

5-шартты көшесі, №9/1

5-шартты көшесіндегі №9/1 үйдің алдында

25

Кеңсай ауылына қарасты Сарши шаруа қонысы

1-шартты көшесі №9

1-шартты көшесіндегі №9 үйдің алдында

26

Қарабұлақ ауылы

Абай Құнанбайұлы көшесі, №11

Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қарабұлақ ауылдық клубы ғимаратының алдында

27

Дауал ауылы

Шартты көшесі №10/2

Шартты көшесіндегі №10/2 үйдің алдында

28

Мұқашы ауылы

1-шартты көшесі №7/1

1-шартты көшесіндегі №7/1 үйдің алдында

29

Қаратал ауылы

Қ.Ж.Омаров көшесі, №110/1

Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қаратал ауылдық клубы ғимаратының алдында

30

Үлкен Қаратал ауылы

Мәутен Қалимолдин көшесі, №30

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Зайсан орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Үлкен Қаратал ауылындағы фельдшерлік амбулаториялық пункті ғимаратының алдында

31

Шілікті ауылы

Тәуелсіздік көшесі, №25

Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шілікті ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында

32

Тасбастау ауылы

Қоңыр Мажитұлы,10

Берел мұражайы филиалының алдында

33

Жалши ауылы

Бұтабайұлы көшесінің бойында

Автобус аялдамасының алдында

34

Какен-Талды ауылы

Какен-Талды көшесі, №9

Какен-Талды көшесіндегі №9 үйдің алдында

35

Қарасай ауылы

Қарасай көшесі, №10

Қарасай көшесіндегі №10 үйдің алдында

  Зайсан ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "02" мамырдағы
№ 282 қаулысына 2 қосымша

Сайлау өткізу кезеңінде шарттық негізде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі өткізілетін үй-жайларының тізімі

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 03.04.2023 № 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады