Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Шілікті ауылдық округіне қарасты Байатар учаскесіндегі "Әмір" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 05 желтоқсандағы № 12 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қазанда № 6225 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 233 ұсынысы негізінде Шілікті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі-қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округіне қарасты Байатар учаскесіндегі "Әмір" шаруа қожалығына шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 05 желтоқсандағы № 12 "Шілікті ауылдық округіне қарасты Байатар учаскесіндегі "Әмір" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2018 жылдың 06 желтоқсанында № 5-11-174 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 желтоқсанында "Достық" газетінде жарияланған және 2018 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шілікті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шілікті ауылдық округінің әкімі Қ. Сағиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады