Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 18.05.2020 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37- бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 17 мамырдағы №143 ұсынысы негізінде Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Айнабұлақ ауылдық округінің Айнабұлақ ауылындағы Ф. Бариева, С.Чайзаданов, Бақ, Алматы, С.Бәйішов, Целиноград, Степногорск, К.Көпенов, Барнаул, Ж.Шаханов, А.Дәніков, М.Сасбаев көшелеріндегі тұрғындардың мүйізді ірі-қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің апппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі | М. Көшербаев |