Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Айнабұлақ ауылдық округінің Айнабұлақ ауылындағы Ф.Бариева, С.Чайзаданов, Бақ, Алматы, С.Бәйішов,Целиноград, Степногорск, К.Көпенов, Барнаул, Ж.Шаханов, А.Дәніков М.Сасбаев көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 мамырда № 7099 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 15 мамырдағы №264 ұсынысы негізінде Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі-қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Айнабұлақ ауылдық округінің Айнабұлақ ауылындағы Ф.Бариева, С.Чайзаданов, Бақ, Алматы, С.Бәйішов, Целиноград, Степногорск, К.Көпенов, Барнаул, Ж.Шаханов, А.Дәніков, М.Сасбаев көшелеріне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 маусымдағы №5 "Айнабұлақ ауылдық округінің Айнабұлақ ауылындағы Ф.Бариева, С.Чайзаданов, Бақ, Алматы, С.Бәйішов, Целиноград, Степногорск, К.Көпенов, Барнаул, Ж.Шаханов, А.Дәніков М.Сасбаев көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2019 жылдың 20 маусымында № 6025 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 маусымда "Достық" газетінде жарияланған және 2019 жылдың 28 маусымында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі М. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады