Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 24.06.2020 № 68/2-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына және 7-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 409 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 тіркелген) сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына өзгерістер енгізілгендіктен, Зырян ауданының мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 19/8-VI "Зырян ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарын көму тарифтерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5149 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 тамызда электрондық түрде жарияланған) шешімі, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға оны сәйкестендіруге және Алтай ауданының мәслихатының сессиясында оның қабылдануына дейін қолданылуы тоқтата тұрылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Л. Синицына |
Алтай ауданының мәслихат хатшысы | Л. Гречушникова |