Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 04.03.2022 № 14/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 10030 тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зырян ауданының мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 19/8-VІ "Зырян ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарын көму тарифтерін бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 5149 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 7 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: "Алтай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы";
2) шешімге № 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2. Зырян ауданының мәслихатының 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 47/13-VІ "Зырян ауданының мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 19/8-VI "Зырян ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарын көму тарифтерін бекіту туралы" шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 5862 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 30 сәуірде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Мангулова |
Алтай ауданының мәслихат хатшысы | Л. Гречушникова |
Алтай ауданының мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымы № 68/2-VI шешімге қосымша |
|
Зырян ауданының мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 19/8-VI шешіміне 1- қосымша |
Алтай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын
№ р/с | Коммуналдық қалдықтардың жинақталу нысаны | Есептік бірлік |
1 есептік бірлігіне |
1 |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын |
1,85 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,75 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,76 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,82 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,58 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,002 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,71 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,35 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,89 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,400 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,060 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,075 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,090 |
14 |
Азық-түлік, | Сауда алаңы 1 м2 |
0,65 |
15 | Машиналардан сату | Сауда алаңы 1 м2 | 0,32 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,22 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,12 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,95 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,23 |
21 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,95 |
22 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,42 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 2,1 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмыскер | 2,2 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,3 |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,01 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,3 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,8 |
30 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,4 |
31 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,65 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 2,25 |