ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Републикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 67, 69 – баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 – бабының 2 – тармағына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жағалау белдеуіне ақысыз негізде еркін кіруді қамтамасыз ету үшін меншік иесінен жер телімдерін алусыз қосымшаға сәйкес қауымдық сервитут (шектеулі мақсатта пайдалану құқығы) белгіленсін.
2. "Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң оны ресми жариялауға жолдануын;
3) осы қаулының Алтай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Охременкоға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | С. Охременко |
Алтай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 333 қаулысына 1-қосымша |
Қауымдық сервитут (шектеулі мақсатта пайдалану құқығы) белгіленген жер телімдерінің меншік иелерінің тізімі
№ | Жер телімінің орналасқан орны, кадастрлық нөмірі | Жер пайдаланушының Т.А.Ә. | Жер телімінің нысаналы мақсаты | Телімнің жалпы ауданы, га | Қауымдық сервитут ауданы, га |
1 | Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, "Голубой залив" демалыс үйі, 05-070-060-082 | Уразбаева Кульжиян Абтаевна | Ішкі шаруашылық жолдарын орналастыру және пайдалану үшін | 1,02 | 1,02 |
2 | Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, "Голубой залив" демалыс үйі, 05-070-060-089 | Уразбаев Аскар Кайратович | № 2 тұрғын корпусын орналастыру және пайдалану үшін | 0,79 | 0,01 |