Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 512 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 6456 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 01.02.2021 № 10 қаулысымен (01.02.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 11.12.2020 № 339 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18 - бабы 2) тармақшасына, 139 - бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 11.12.2020 № 339 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Катонқарағай ауданының экономика және қаржы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Тумашиновқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Р. Курмамбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Катонқарағай аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ________Д. Бралинов

      2019 жылғы "___" _______

  2019 жылғы 20 желтоқсаны
№ 512 бірлескен қаулысы мен
шешіміне қосымша/ бірлескен
қаулысы мен шешімімен
бекітілген

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 11.12.2020 № 339 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Басқарушы персонал: аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы, стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы ("Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары" коммуналдық мемлекеттік мекемелер), білім беру саласындағы аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, аудандық маңызы бар әдістемелік кабинеттің басшысы, мәдениет пен мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы мен басшы орынбасары, сектор, бөлім, филиал басшысы.

      2. Негізгі персонал, салалар бойынша:

      1) әлеуметтік қолдау: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, медициналық мейіргер, фармацевт, диеталық бике, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, дефектолог, логопед, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының (ұйымдардың) әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызмет жөніндегі консультант, иппотерапия жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, мәдени ұйымдастырушы, шаштараз, емдік дене шынықтыру жөніндегі маман, жүзу жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, ассистент;

      2) білім беру: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, арнайы (түзету) және мамандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандық мұғалімдері, дефектолог-мұғалім (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), логопед мұғалім, алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы-оқытушысы, аға вожатый, тәрбиеші, әдіскер, дене шынықтыру нұсқаушысы, музыкалық жетекші, қосымша білім беру педагогы, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, хореограф, сүйемелдеуші;

      3) мәдениет: мамандар, оның ішінде мұрағатшы, археограф, экскурсовод, барлық атаудағы әртіс, әдістемеші, балетмейстер, кітапханашы, барлық атаудағы суретші, музыкалық жетекші, режиссер;

      4) спорт: аға жаттықтырушы, спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушы, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы, спорт жаттықтырушысы, дене шынықтыру және спорт бойынша нұсқаушы, нұсқаушы-спортшы.

      3. Әкімшілік персонал: мемлекеттік мекемедегі және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындағы басшы (меңгеруші): кітапхана, лагерь, интернат, шеберхана, оқу-әдістемелік шеберхана, кітапханашы, концертмейстер, көркемдік жетекші, мәдени ұйымдастырушы, қор сақтаушысы, архивариус, инспектор.

      4. Көмекші персонал: кезекші әкімші, мұражай қараушысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады