Күршім ауданының Күршім ауылдық округіне қарасты Топтерек ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 мамырда № 5899 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 30.01.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, және Күршім ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бас мемлекеттік мал дәрігерінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 238 ұсынысы негізінде, Күршім ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Күршім ауылдық округіне қарасты Топтерек ауылындағы ірі қара мал арасында сарып ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары еңгізілсін.

      2. "Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және еңгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жүргізу өз қарамағыма қалдырылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Күршім ауылдық округінің әкімі С. Дүзбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады