Шектеу іс-шараларын тоқтату және 2018 жылғы 04 желтоқсандағы № 6 "Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округіне қарасты Ақжайлау ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Марқакөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 04 желтоқсандағы шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 мамырда № 5970 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық атілер туралы" Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылдың 22 ақпандағы № 128 ұсынысы негізінде, Марқакөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округіне қарасты Ақжайлау ауылы тұрғындарының ұсақ мүйізді малына сарып ауруынан Республикалық бюджеті есебінен жүргізілген сауықтыру жұмыстары қанағаттанарлық нәтиже көрсетуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Марқакөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 04 желтоқсандағы № 6 "Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округіне қарасты Ақжайлау ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2018 жылғы 07 желтоқсанда № 5-14-184 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 20 желтоқсанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Марқакөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      5.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Марқакөл ауылдық округінің әкімі А. Касентаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады