2019 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 316 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қазанда № 6231 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 175 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 25.05.2020 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексінің 18 - бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 – бабының 1 - тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 - бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерінде осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде 2019 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде 2019 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      4. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күніненбастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Капарович Темиржановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Смаилов

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 8 қазандағы № 316
қаулысына 1 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына 2019 жылға квота мөлшері

   №

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны

Белгіленген квота мөлшері

жұмыскерлердің тізімдік санынан %

жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

2

3

4

5

1

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

107

1

1

2

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

157

1

2


Барлығы

264

1

3

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 8 қазандағы № 316
қаулысына 2 қосымша

Пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына 2019 жылға квота мөлшері

    №

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны

Белгіленген квота мөлшері

жұмыскерлердің тізімдік санынан %

жұмыс орындарыны саны (бірлік)

1

2

3

4

5

1

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

107

2

2

2

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті ауданаралық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

157

2

3

3

"Мәмбет" шаруа қожалығы

78

2

2


Барлығы

342

2

7

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 8 қазандағы № 316
қаулысына 3 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына 2019 жылға квота мөлшері

  №

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны

Белгіленген квота мөлшері

жұмыскерлердің тізімдік санынан %

жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

2

3

4

5

1

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

107

2

2

2

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті ауданаралық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

157

2

3

3

"Мәмбет" шаруа қожалығы

78

2

2


Барлығы

342

2

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады