2020 жылға арналған ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай- ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 175 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 мамырда № 7128 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31- бабының 1-тармағы 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерінде осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан 2 пайыз мөлшерінде осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан 2 пайыздық мөлшерінде осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      4. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 243 "Көкпекті ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4645 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 16 тамызда жарияланған), Көкпекті ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 316 "2019 жылға арналған ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6231 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 28 қазанда жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      5. "Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуына бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Капарович Темиржановқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Смаилов

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 25 мамыры
№ 175 қаулысына
1 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына 2020 жылға квота мөлшері

   №

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны

Белгіленген квота мөлшері

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

2

3

4

5

1

"Талап" шаруа қожалығы

63

1

1


Барлығы

63

1

1

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 25 мамыры
№ 175 қаулысына
2 қосымша

Пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына 2020 жылға квота мөлшері

   №

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны

Белгіленген квота мөлшері

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

2

3

4

5

1

"Мәмбет" шаруа қожалығы

93

2

2

2

Көкпекті аудандық мәдениет бөлімінің "Бос уақыт орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

50

2

1


Барлығы

143

2

3

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 25 мамыры
№ 175 қаулысына
3 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына 2020 жылға квота мөлшері

    №

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны

Белгіленген квота мөлшері

жұмыскерлердің тізімдік санынан %

жұмыс орындарыныңсаны (бірлік)

1

2

3

4

5

1

"Мәмбет" шаруа қожалығы

93

2

2

2

Көкпекті аудандық мәдениет бөлімінің "Бос уақыт орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

50

2

1


Барлығы

143

2

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады