Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Қабанбай ауылында және Алакөл көлінің жағалауында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 31-322/VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 27 қыркүйекте № 5-18-164 болып тіркелді. Шешімнің қолданысы тоқтатыла тұрады – Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 38-415/VI. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 46-509/VI шешімімен

      Ескерту. Шешімнің қолданысы тоқтатыла тұрады – Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 19.02.2019 № 38-415/VI (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 15.11.2019 № 46-509/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 желтоқсанда № 10030 тіркелген) сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Қабанбай ауылында және Алакөл көлінің жағалауында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Акпеков
      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы К. Карашев

  Үржар аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 31-322 /VI шешімімен
бекітілген

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Қабанбай ауылында және Алакөл көлінің жағалауында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

     №

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объект

Есептік бірлік

Нормасы, жылына 1 есептік бірлік куб.метрге

1.

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,51

2.

Қонақ үйлер, демылыс үйлер

1 орын

1,15

3.

Балабақшалар

1 орын

0,4

4.

Мекемелер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,26

5.

Ауруханалар, өзге де емдеу - сауықтыру мекемелер

1 төсек-орын

1,04

6.

Мектептер

1 оқушы

0,15

7.

Қоғамдық тамақтану мекемелер

1 орын

0,51

8.

Спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,01

9.

Азық-түлік дүкендер

сауда алаңы 1кв.м

0,33

10.

Өнеркәсіптік дүкендер

сауда алаңы 1 кв.м

0,15

11.

Автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 кв.м

0,0052

12.

Дәріханалар

сауда алаңы 1кв.м

0,14

13.

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, жанар-жағар май құю стансалары, гараждар

1 машина-орын

1,3

14.

Автошеберханалар

1 жұмысшы

1,71

15.

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,96

16.

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1кв.м

0,40


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады