ЗҚАИ-ның ескертпесі. Қолданысы 31.12.2019 дейін тоқтатылған - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 21.05.2019 № 172 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5035, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылдың 27 мамырында жарияланған) қаулысына төмендегі өзгерістер енгізілсін:
1) Осы қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау,әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы"
2) қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдансын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Сарбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Зайнулдин |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Үржар аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Б. Көбегенов |
"___"__________2019 жыл |
Үржар ауданының әкімдігінің 2019 жылғы "03" сәуірдегі № 98 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсалық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) есепші;
5) кадр жөніндегі инспектор.
2. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) мектеп, шағын жинақты мектеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық), психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинеттерінің басшысы, мектеп басшысының орынбасары;
2) мектепке дейінгі, бастауыш,негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі, тәлімгер, тәрбиелеуші, тәрбиелеуші-ана, әдіскер (негізгі қызметтердің), жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтердің), дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің), музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің), қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, зертханашы, хореограф, экономист, хатшы, кітапханашы, есепші, тәрбиешінің көмекшісі, мейірбике (мейіргер).
3. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) мәдениет саласы мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның басшылары;
2) мәдениет саласының мамандары: көркемдік жетекші, барлық атаудағы әртістері, дирижер, хореограф, кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, барлық атаудағы суретшілер, дизайнер, қоюшы-режиссер, барлық атаудағы менеджер, музыка жетекшісі, барлық атаудағы техник, костюмер, әдіскер, өңдеуші, оператор, техникалық орындаушылар дыбыс жазба, жарық аппаратурасы, энергетик, есепші.
4. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысының орынбасары;
3) спорт ғимаратының меңгерушісі;
4) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары;
5) әдіскер;
6) мейірбике (мейіргер);
7) жаттықтырушы;
8) экономист;
9) мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер;
10) іс қағаздарын жүргізуші;
11) бас есепші.
5. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:
ветеринарлық дәрігер