Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 01.12.2023 № 7-181/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үржар ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ереже бекітілсін (қоса берілген).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Саматеев |
Үржар аудандық мәслихатының хатшысы | К. Карашев |
Үржар аудандық мәслихаттың 2019 жылдың 11 қазандағы № 45-499/VI шешімімен бекітілген |
Үржар ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 01.12.2023 № 7-181/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Үржар ауданының Құрмет грамотасымен наградтау ережесі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленіп, Үржар ауданының Құрмет грамотасымен наградтау және табыс ету тәртібін анықтайды.
2. Үржар ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі-Құрмет грамотасы) қызметтік бабындағы міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін, ұзақ әрі мінсіз қызметті, экономикадағы, әлеуметтік саладағы, мәдениет және білім беру, денсаулық сақтау, заңдылықты, құқық қорғау, нығайту, қызмет көрсету саласындағы, қоршаған ортаны қорғау, жастарға тәрбие беру, дене шынықтыру мен спорттағы, әскери, қоғамдық, мемлекеттік және өзін-өзі басқару қызметтеріндегі маңызды жетістіктері үшін, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланысты нығайтудағы жемісті жұмысы үшін, қайырымдылық қызметі және еңбек қызметіндегі басқа да жетістіктері үшін аудан азаматтары наградталады.
3. Үржар ауданының аумағында достық пен қоғамдастық ынтымақтастықтың нығаюына, әлеуметтік және экономикалық саясаттың іске асырылуына қомақты үлесін қосқаны үшін Үржар ауданының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымдар еңбек және шығармашылық ұжымдармен, аудандық өкілді және атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен енгізіледі.
4. Наградтау парағында марапатталушының жеке басын, осы ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін және оның сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер мазмұндалады.
Наградтау парағына ұйымның, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен (бар болған жағдайда) бекітеді.
Құрмет грамотасының сипаттамасы
5. Құрмет грамотасының формасы:
мемлекеттік тілінде: "Үржар ауданының Құрмет грамотасы";
орыс тілінде: "Почетная грамота Урджарского района".
Құрмет грамотасы, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілінде "Құрмет грамотасы" және орыс тілінде "Почетная грамота" жазулары бар қосымша жапсырмасы бар көгілдір түсті папкадан тұрады.
6. Қосымша бет қалың жылтыр қағаздан екі жағына алтын түсті өрнек салынған, баспаханалық әдіспен бұктелмеген күйде орындалады.
7. Қосымша беттің сол жағының үстіңгі бөлігінде Қазақстан Республикасының желбіреген Мемлекеттік туының бейнесі, бейненің астында "ҮРЖАР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" деген жазу бар.
8. Қосымша беттің оң жағында Қазақстан Республикасының желбіреген Мемлекеттік туының бейнесі, бейненің астында наградталушының аты-жөнін, тегін және еңбегін көрсету үшін орын қалдырылған, әрі қарай "Үржар ауданының әкімі" және "Үржар аудандық мәслихатының төрағасы" мәтіні орналастырылған, қол қоюға, аты-жөнінің бірінші әріптерін көрсетіп, тегін, төменгі жағында тапсырылған күнін көрсетуге орын қалдырылған.
Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
9. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және марапаттау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін аудан әкімі жанында құрылған комиссияға жіберіледі.
10. Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушылар) Құрмет грамотасына қол қояды.
11. "Үржар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ Құрмет грамотасымен наградталған азаматтардың есебін жүргізеді.