Үржар ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 567 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қазандағы № 255 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қазанда № 6213 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 330 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 13.10.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үржар ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 567 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4833 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының мемлекеттік тіліндегі қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сарбаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар ауданының әкімі С. Зайнулдин

  Үржар ауданының әкімдігінің
2019 жылғы "16" қазандағы
№ 255 қаулысына қосымша

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері

Тізімдік саны бар ұйымдар

Квота мөлшері (%)

елуден жүз адамға дейін

2

жүз бірден екі жүз елу адамға дейін

3

екі жүз елу бірден артық адам

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады