Абай облысы Үржар ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 330 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қазанда № 131-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Абай облысы Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Үржар ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Абай облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы Үржар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Башимбаев

  2023 жылғы 13 қазандағы
№ 330 қаулысына
қосымша

Абай облысы Үржар ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларының тізімі

      1) "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" Үржар ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 567 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4833 болып тіркелген);

      2) "Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" Үржар ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 155 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5089 болып тіркелген);

      3) "Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Үржар ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 307 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6181 болып тіркелген);

      4) "Үржар ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 567 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Үржар ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 16 қазандағы № 355 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6213 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады