Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 13.10.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сай мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Сеитқановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданының әкімі | С. Зайнулдин |
Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "09" желтоқсандағы № 567 қаулысына қосымша |
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 16.10.2019 № 355 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тізімдік саны бар ұйымдар | Квота мөлшері (%) |
елуден жүз адамға дейін | 2 |
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін | 3 |
екі жүз елу бірден артық адам | 4 |