Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округіне қарасты "Андас" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 17 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 тамыздағы № 19 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 тамызда № 6124 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасынының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 178 ұсынысы негізінде Алтыншоқы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдар арасынан қарасан індетінің ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты, Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округінің "Андас" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 17 "Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округіне қарасты "Андас" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6076 тіркелген және 2019 жылдың 24 шілдесінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электорондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Ресубликасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жолдансын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспана басылымдарында ресми жариялауға жолдансын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Үржар ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін;

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтыншоқы ауылдық округінің әкімі А. Лебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады