Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округіне қарасты "Андас" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 17 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 шілдеде № 6076 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 тамыздағы № 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің 15.08.2019 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" туралы Заңының 35-бабының 2-тармақшасына "Қазақстан Республикасының 2002 жылы 10 шілдедегі Ветеринария" туралы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 10 шілдедегі № 175 ұсынысы негізінде Алтыншоқы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округіне қарасты "Андас" шаруа қожалығының ірі қара малдары арасында қарасан індетінің шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Үржар ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық іс шараларды жүргізу ұсынылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электорондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Ресубликасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жолдансын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспана басылымдарында ресми жариялауға жолдансын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Үржар ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін;

      5. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтыншоқы ауылдық округінің әкімі А. Лебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады