Шемонаиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 10/6-VІ "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 48/8-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қаңтарда № 6474 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 14/8-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 28.12.2021 № 14/8-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 10/6-VІ "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4869 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары оқу жылы ішінде төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын өтелсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы А. Боровикова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады